Сыйлық

Бүгінгі күннің бонустары

Olimpbet қосымшасын пайдалан Өту
Біз тіркелгенің үшін 60 000 бонус береміз Өту
Olimpbet Видеореп

24.02.2025

Гвардиола Сауд Арабиясына қызмет ауыстыруы мүмкін

Гвардиола Сауд Арабиясына қызмет ауыстыруы мүмкін

Фото: thenationalnews.com

Испаниялық Хосеп Гвардиолаға Сауд Арабиясының командасынан қомақты қаржы ұсынған ұсыныс түсті. Ол англиялық «Манчестер Сити» командасы бас бапкері қызметінен кетуі мүмкін.

Бұл жөнінде El Nacional мәлім етті.
Дереккөздің ақпараты бойынша жасалған ұсыныс бойынша алатын жалақысы қазіргі айлығынан бірнеше есе жоғары болып отыр. Сол арқылы ол әлемдегі ең жоғары жалақы алатын бапкердің қатарына қосылуы ғажап емес.

Өткен жылдың қараша айында «Манчестер Сити» командасымен тағы екі маусымға келісімшартқа қол қойды. Биылғы маусымдағы команданың сәтсіз ойынына қарамастан клубтың басшылығы оған зор сенім білдіріп отыр. «Манчестер Сити» Чемпиондар лигасы мен Англия лига кубогынан шығып қалды. Қазір турнир кестесінде төртінші орында келеді. 

Хосеп Гвардиола «Манчестер Сити» командасының тізгінін 2016 жылдан бері ұстап келеді. Содан бергі уақытта Чемпиондар лигасы, УЕФА суперкубогы, клубтар арасындағы әлем чемпионатын жеңіп алды. Сондай-ақ алты мәрте Анлия чемпионы атанса, екі мәрте ел кубогын төбесіне көтерді, үш мәрте Англия суперкубогы, төрт мәрте Англия лига кубогын жеңімпазы болды.

Аталған қызметіне дейін ол испаниялық «Барселона» және германиялық «Бавария» командасының тізгінін ұстады.



Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан