25.02.2025
Артем Дзюбаның «Қайратқа» ауысуын футбол бапкері күлкілі деп бағалады
Фото: championat.com
Футбол бапкері Властимил Петржела ресейлік Артем Дзюбаның алматылық «Қайратқа» ауысуы жөнінде пікірін білдірді.
Алматылық клубтың иесі Қайрат Боранбаев өз командасына ресейлік футболшыны қосу жөнінде пікірін білдірген еді. Ол лесейлік «Акрон» клубының шабуылшысы «Қайрат» сапына қосылуын жоққа шығарған жоқ.
- Дзюба Чемпиондар лигасында ойнайтын команда құрамын күшейтеді дегенге сенбеймін. Бұл күлкілі. Ол жеті жыл бұрын мүмкін еді. Қазір Дзюба аталған еурокубокта ойнайтын ешбір команданы күшейте алмайды. Еурокубокта сынға түсетін команда оны сатып алуға қызығушылық танытпайды деген сенімдемін. Оның жұлдызы шағы артта қалып қойды деп санаймын, - деді ол.
Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан