25.02.2025
Қазақстан баскетбол құрамасы Иранға есе жіберді
Баскетболдан Қазақстан ерлер құрамасы Азия кубогының іріктеу кезеңінің бірінші айналымындағы бәсекесін аяқтады.
Қазақстандық баскетболшылар Ираннан ірі есеппен жеңіліп қалды – 45:88 (13:25, 7:24, 9:18, 16:21).
Осы нәтижеден кейін Қазақстан құрамасы Е тобында төртінші орын алып, турнирдің финалдық кезеңіне шығу мүмкіндігін жоғалтты. Келесі кезеңге тікелей жолдаманы Иран (1-орын) мен Катар (2-орын) командалары иеленді.
Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан
Қанат Байұзақов