Сыйлық

Бүгінгі күннің бонустары

Olimpbet қосымшасын пайдалан Өту
Біз тіркелгенің үшін 60 000 бонус береміз Өту
Olimpbet Видеореп

02.03.2025

 Фархадбек Ирисметов «Жетісу» клубына бапкерлік қызметке келді

 Фархадбек Ирисметов «Жетісу» клубына бапкерлік қызметке келді

Фото: «Жетісу» футбол клубы

Қазақстандық танымал футбол маманы, ұлттық құраманың экс-ойыншысы Фархадбек Ирисметов «Жетісу» командасының сарапшы бапкері болып тағайындалды.

Фархадбек Ирисметов шымкенттік футбол түлегі. Мансабында «Торпедо», «Маңғыстау», «Ертіс», «Тобыл», «Ордабасы» және «Қайрат» клубтарында доп тепті.  
2004 жылы Қазақстан ұлттық құрамасында алғашқы ойынын өткізді.
Ел біріншілігінде үш (2002, 2003, 2010) дүркін чемпион атанса, екі мәрте (2007, 2011) Қазақстан кубогын және бір мәрте (2012) суперкубокты төбесіне көтерді.

Мансабын аяқтағаннан кейін «Арыс», «Атырау», «Кыран М» клубтарының бапкерлік құрамында болды. Сондай-ақ «Туран» клубының спорттық директоры қызметін атқарды. 

Ол талдықорғандық клубта бас бапкер Самат Смаковқа көмекшілік жасайды.



Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан