02.03.2025
ҚПЛ: Бүгін «Астана» мен «Қайрат» шеберлік байқасады
Бүгін Премьер-лига командалары арасындағы ел біріншілігі алғашқы турының екі ойын күні өтеді.
Бұл күнгі ойындарды 15:00-де «Қайсар» (Қызылорда) мен «Жеңіс» (Астана) командалары бастайды.
Одан кейін 16:00-де «Тұран» (Түркістан) мен «Оқжетпес» (Көкшетау), 17:00-де «Қызылжар» (Петропавл) мен «Жетісу» (Талдықорған), 18:00-де «Астана» мен «Қайрат» (Алматы) ойнайды.
Айта кетсек, бірінші турдың алғашқы ойын күнінде «Атырау» «Елімайды» 2:1, «Тобыл» «Ұлытауды» 2:0 есебімен жеңсе, «Ордабасы» мен «Ақтөбе» 0:0 есебімен қанағат білдірді.
Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан