02.03.2025
Шаңғымен тұғырдан секіру: Илья Мизерных іріктеу кезеңінен өтті
Photo: Tadeusz Mieczynski
Норвегияның Тронхейм қаласында өтіп жатқан шаңғы түрлерінен әлем чемпионатында шаңғымен тұғырдан секіру бәсекесінде жерлестеріміз өнер көрсетті.

Кеше шаңғымен тұғырдан секіру бойынша ерлер Normal Hill HS102 бағдарламасында іріктеу кезеңінде өнер көрсетті. Аталмыш сында үздік нәтиже көрсеткен ТОП-50 спортшы шешуші айналымға жолдама алды.
Ерлер. 61 қатысушы
41-орын. Илья Мизерных - 106,6 метр
51-орын. Даниил Васильев - 99,3 метр
52-орын. Святослав Назаренко - 92,3 метр
60-орын. Сабыржан Муминов - 82,2 метр
«2024 жылы қысқы жасөспірімдер Олимпиадасында чемпион атанғалы бері сенімділікті арттырдым. Бір жылдағы нәтижеге көз жүгіртсем, айтарлықтай алға жылжу байқалады. Бұл менің мансабымдағы алғашқы әлем чемпионатым. Қолдан келгенше бар күшімді салып, өнер көрсетемін. Басты мақсат – қажетті ұпайды жинап, 2026 жылғы қысқы Олимпиадаға қатысу», - деді Илья Мизерных.

Ал әйелдер командалық сайыста бақ сынап, жүлдегерлерді анықтады. Осы орайда Қазақстан арулары қатысушылардың арасында ең жасы екендігін айта кеткен жөн. Ең үлкені Вероника Шишкина 21 жаста болса, Анастасия Горунова, Алена Свириденко, Вероника Шишкина әлі 18 жасқа да толмаған.
Әйелдер. 12 команда
1-орын. Норвегия - 904.5 ұпай
2-орын. Аустрия - 885.1 ұпай
3-орын. Германия - 846.5 ұпай
12-орын. Қазақстан - 112.9 ұпай
«Қысқы Олимпиада тарихында әлі әйелдеріміз лицензияға иелік ете алмаған. Бұған спортшылардың тұрақты дайындала алмауы себеп. Қазақстан шаңғымен тұғырдан секіру бойынша тек 3 облыстың ғана спортшылары ұлттық құрамаға енген. Алайда Алматы қаласында ғана балаларға арналған трамплин бар. Ал Риддерден келген аруларымыз Алматыға оқу-жаттығу жиынына келіп, артынша өз қалаларына қайтады. Салдарынан тұрақты жаттыға алмайды», - деп бапкер Қайрат Биекенов өз ойын білдірді.

Енді бүгін тек Илья Мизерных ғана жарыс жолына шығады.
Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан
Қанат Байұзақов