02.03.2025
«Кристал Пэлас» ойыншысы жан түршігерлік жарақат алды
Фото: Crystal Pix/MB Media/Contributor/Getty Images
Кеше Англия кубогының 1/8 финалы аясында «Кристал Пэлас» өз алаңында «Милуоллды» қабылдап, 3:1 есебімен жеңіске жетті.
Алайда матч жан түршігерлік оқиғамен есте қалды. Кездесу барысында «Милуолл» қақпашысы Лиам Робертс алаң иелерінің шабуылшысы Жан-Филипп Матетаның басын бутсасымен зақымдады. Сол сәтте-ақ төреші Робертске бірден қызыл қағаз көрсетіп, алаңнан қуды.

Матета дереу емханаға жеткізіліп, сол жақ құлақ тұсына 25 тігіс салынды.
«Кристал Пэластың» баспасөз қызметі француз шабуылшысының ауруханадан шыққанын және өзін жақсы сезінетінін мәлімдеді.
Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан
Азамат Бақи