02.03.2025
Странджа турнирі: Нұрбек Оралбай финалда жұдырықтасудан бас тартты
Бүгін бокстан Болгарияда өтіп жатқан «Странджа» турнирінің шешуші күні. Осы орайда 86 келіде қос әлем чемпионы Нұрбек Оралбай мен Бекзад Нұрдәулетов финалда жолығуы тиіс болған. Алайда Нұрбек кездесуден бас тартты.
Бұған дейін әлем чемпиондары өзара 3 мәрте шыққан еді.
2019 жылы «Президент кубогында» Бекзад тартысты кездесуде 3:2 есебімен басым түсті.
2020 жылы Шымкентте өткен Қазақстан чемпионатының финалында да қос спортшы бітіспес тартысты жекпе-жек көрсетіп, Бекзадқа жеңіс берілді.
2023 жылы Астана төрінде Париж Олимпиадасының іріктеу кезеңіне қатысуға мүмкіндік беретін жазғы Спартакиаданың финалында қос боксшы барын салып, айқастың нәтижесі тек bout review арқылы ғана шешілді. Нұрбек Оралбай осы жеңістің арқасында Париж Олимпиадасының іріктеуінен сүрінбей өтіп, 80 келіде күміс жүлдеге ие болды.
Нұрбек Оралбай тамыздан кейін енді рингке оралды.
Бекзад Нұрдәулетов 2024 жылы Қарақозы Әбдәлиевті еске алуға арналған халықаралық турнирі мен Азия чемпионатында алтын медальді еншіледі.
Бекзад соңғы рет рингте дәл осы Нұрбекке есе жіберген.
Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан
Қанат Байұзақов