02.03.2025
«Барыс» Ресейде «Трактордан» ойсырай жеңілді
Фото: «Барыс» хоккей командасы
Қазақстандық «Барыс» командасы бүгін, яғни 2 наурызда Құрлықтық хоккей лигасындағы кезекті ойынын Ресейде «Трактор» (Челябі) командасына қарсы өткізді.
Кездесу барысында қазақстандық команда қарсыласына қауқар көрсете алмады. Салдарынан қақпасына жауапсыз сегіз гол жіберіп алды.
Ресейлік клубтан Виталий Кравцов 3, 17, Семён Дер-Аргучинцев 5, Михаил Горюнов-Рольгизер 19, Александр Кайдейкин 21, 41, 59, Максим Шабанов 34-минутта мергендік танытты.
Осылайша «Барыс» қарсыласына 0:8 есебімен жеңіліп қалды.
Айта кетсек, елордалық клуб аталған қарсыласынан қатарынан алтыншы мәрте жеңілістің ащы дәмін татты.
Енді елордалық клуб алдағы ойынын 6 наурызда елордада Ресейдің «Сибирь» (Новосібір) командасына қарсы өткізеді.
Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан