03.03.2025
Қазақстандық теннисші финалда жеңіліп қалды
Фото: berezovskytennis.ru
Қазақстандық теннисші Анна Данилина Мексиканың Мерида қаласында өтіп жатқан WTA 500 турнирінің чемпионы атана алмады.
Жұптық сында Ирина Хромачёвамен бірге бақ сынаған отандасымыз доданың финалында Маяр Шериф (Египет)/Катажина Питер (Польша) жұбына жол берді.
Кездесу 1 сағат 53 минутқа созылды. Нәтижесінде Данилина бастаған ұжым қарсыласына 0:2 (6:7; 5:7) есебімен есе жіберді.
Айта кетейік, дүбірлі доданың жалпы жүлде қоры 1,064,510 долларды құрайды.
Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан
Азамат Бақи