05.04.2023
Луис Энрике «Челсиді» тізгіндеуі мүмкін
Луис Энрике
Испаниялық маман Луис Энрике «Челсидің» бас бапкері қызметіне үміткер ретінде қарастырылуда. Бұл туралы журналист Фабрицио Романо хабарлады.
Оның айтуынша, Энрике клуб басшылығымен келіссөздер жүргізу үшін Лондонға ұшып барған. Бірақ «Челси» басшылары неміс маманы Юлиан Нагельсманнды басты кандидат ретінде көріп отыр.
Луис Энрике бұған дейін «Рома», «Барселона» және «Сельта Виго» клубтарын баптаған. Энрике соңғы жылдары Испания құрамасын жаттықтырып, 2022 жылғы әлем чемпионатынан кейін жұмыссыз қалды.
Біздің серіктес: Sport12kz