27.04.2025

ҚПЛ: «Қайрат» Алматыда «Тобылдан» басым түсті

ҚПЛ: «Қайрат» Алматыда «Тобылдан» басым түсті

Алматылық «Қайрат» футболдан Премьер-лига командалары арасындағы Қазақстан чемпионатында қатарынан екінші мәрте жеңіске жетті, деп хабарлайды Sport12kz.

Алматылық клуб бүгін өз алаңында қостанайлық «Тобылды» қабылдады.  

Екі команда биылғы біріншілікті сәтті бастады. Турнир кестесінде жоғары орындарда тұрған командалар кездесу жанкүйерлер тарапынан қызығушылық туғызды. 

Бірінші кезеңде алматылық клубтың басымдығы байқалып тұрды. Қарсыластар қақпасы маңынан жиі табылып, гол соғу мүмкіндігін іздеді. Осындай сәттің бірінде «Қайрат» сапынан Валерий Громыко көздеген нысанадан мүлт кеткен жоқ. Ойынның 4-минутында оның алыстан тепкен добы қақпа торында тулап жатты.

Екінші кезеңнің 60-минутында алматылық клубтан Дастан Сәтпаевтың берген пасын әріптесі Жоржиньо голға айналдырды.

Ендігі кезекте «Тобыл» алға қарай ұмтылды. Нәтижесінде 79-минутында «Тобыл» сапынан Александр Зуев есеп айырмасын қысқартты.  

Аталған жеңістен кейін «Қайрат» он жеті ұпай жинап, өкшелеп келе жатқан қарсыластарынан ұзап кетті.

Аталған турдағы өзге ойын нәтижелері төмендегіше: 

«Ордабасы» (Шымкент) - «Тұран» (Түркістан) 1:0 

«Қызылжар» (Петропавл) - «Қайсар» (Қызылорда) 2:1 есебімен тізе бүктірді. 

26 сәуір

 «Астана» - «Атырауд» 2:1

«Ақтөбе» - «Ұлытау» (Жезқазған) 1:0

«Жетісу» (Талдықорған) - «Елімай» (Семей) 0:3 «Оқжетпес» (Көкшетау) - «Жеңіс» (Астана) 1:1.

Енді алдағы тур ойындары 3 және 4 мамыр күндері өткізіледі.


Біздің серіктес: 200 000 фрибетті ұтысқа саламыз – арнаға жазыл және батырманы бас

Қазақстан құрамасы Еуро-2026 жолдамасы үшін Италиямен ойнайды

Футзал 1 сағат бұрын

Қазақстан құрамасы Еуро-2026 жолдамасы үшін Италиямен ойнайды

«Барысқа» жаңа қақпашы келді

Хоккей 1 сағат бұрын

«Барысқа» жаңа қақпашы келді

ҚФФ академиясына FIFA Academy мәртебесі берілді

Футбол 2 сағат бұрын

ҚФФ академиясына FIFA Academy мәртебесі берілді

«Бавария» – «Челси»: немістер жеңіспен бастады

Футбол 2 сағат бұрын

«Бавария» – «Челси»: немістер жеңіспен бастады

HERE WE GO: Жозе Моуринью «Бенфика» бапкері

Футбол 2 сағат бұрын

HERE WE GO: Жозе Моуринью «Бенфика» бапкері

«Барыс» сырт алаңдағы ойындарына құрамы

Хоккей 2 сағат бұрын

«Барыс» сырт алаңдағы ойындарына құрамы