03.05.2025

Эльвира Нұрмұстафина төрешілік мансабын аяқтайды 

Эльвира Нұрмұстафина төрешілік мансабын аяқтайды 

Фото: Қазақстан футбол федерацмясы

Қазақстан Премьер-лигасында ойын басқарған тұңғыш әйел төреші Эльвира Нұрмұстафина бүгін соңғы матчын өткізеді, деп хабарлайды Sport12.kz.

Қазақстан футбол федерациясының хабарлауынша, ол бүгін «Жеңіс» пен «Ақтөбе» арасындағы кездесуде алаңға шығады.

2008 жылы төрешілік жолын бастаған Эльвира 2010 жылдан FIFA төрешісі, 2013 жылдан халықаралық дәрежедегі төреші атанды. 2021 жылы Премьер-лигада ерлер матчын басқарған алғашқы әйел төреші ретінде тарихқа енді.

- Қазақстан футбол федерациясы Эльвираға адал еңбегі үшін алғыс айтып, жаңа бастамаларда сәттілік тілейді, - деп жазылған хабарламада.


Біздің серіктес: Sport12kz