08.05.2025
Луис Энрике: ойын біз күткендей өрбіген жоқ
"ПСЖ" клубының бас жаттықтырушысы Луис Энрике өз командасының 2024/2025 жылғы УЕФА Чемпиондар лигасының финалына шығуына қатысты пікір білдірді, деп хабарлады Sport12.kz
Париждіктер Лондонның «Арсенал» клубымен өткен қос ойын қорытындысы бойынша 3:1 есебімен жеңіске жетті.
««Арсенал» өте ұйымдасқан ойын көрсетті. Бізге қорғанысқа баса назар аударуға тура келді. Қарымта шабуыл жасауға мүмкіндік болғанымен, бәрі оңайға соқпады. Ойын біз күткендей өрбіген жоқ. Жаңа шешімдер іздеуге, жағдайды өзгерту үшін, бар күшімізді салуға мәжбүр болдық. Кей сәттерде өте қиын болды. Бірақ бізде нақты гол соғатын мүмкіндіктер де болды.
Алғашқы тайм ауыр өтті. Команда сенімсіздік танытып, қалыпты деңгейден төмен ойнады. Мұндайда үмітсіздікке бой алдыру оңай. Дәл осындай сәттерде беріспей, күресе білу қажет. Алғашқы 45 минут өте қиын болды», — деді Энрике RMC Sport басылымына берген сұхбатында.
Біздің серіктес: Sport12kz
Қанат Байұзақов