20.05.2025

Әлем чемпионаты: Қазақстан хоккей құрамасы бүгін шешуші ойын өткізеді

Әлем чемпионаты: Қазақстан хоккей құрамасы бүгін шешуші ойын өткізеді

Фото: Қазақстан хоккей федерациясы


Шайбалы хоккейден Қазақстан құрамасы 2025 жылғы әлем чемпионаты элиталық дивизионындағы алтыншы ойынын бүгін АҚШ-қа қарсы өткізеді.

, деп хабарлайды Sport12.kz.

Кездесу Қазақстан уақытымен сағат 15:20-да басталып, «Qazsport» телеарнасынан тікелей эфирде көрсетіледі.



Әлем чемпионатында Қазақстан құрамасы В тобында ойнап жатыр. Қарсыластары - Финляндия, Чехия, АҚШ, Германия, Дания, Норвегия және Мажарстан. Ойындар Данияның Хернинг қаласында болады.



Екі құрама бұған дейін алты мәрте шеберлік байқасты. Оның біреуінде қазақстандық хоккейшілер жеңіске жетсе, қалғанында қарсыласына есе жіберді.



Қазірге дейін Қазақстан құрамасы Норвегияны (2:1) жеңіп, Германия (1:4), Мажарстан (2:4), Дания (1:5), Чехияға (1:8) есе жіберді.

Ал Швейцария Чехияға (4:5) есе жіберіп, одан кейін Данияны (5:2), АҚШ-ты(3:0), Германияны (5:1), Норвегияны (3:0), Швейцарияны (10:0) қапы қалдырды.

Швейцария құрамасының хоккйшілері

Қақпашылар: Леонардо Дженони («Цуг»), Стефан Шарлин («Серветт»).

Қорғаушылар: Андреа Глаузер («Лозанна»), Тим Берни («Серветт»), Йонас Зигенталер («Нью-Джерси»), Дин Кукан и Кристиан Марти (екеуі - «Цюрих»), Янис Мозер («Тампа-Бэй»), Михаэль Фора («Давос»).

Шабуылшылар: Тайлер Мой («Рапперсвиль-Йона»), Кен Ягер және Дамьен Риата (екеуі - «Лозанна»), Николас Бехлер, Свен Андригетто және Денис Мальгин (барлығы - «Цюрих»), Кристоф Берчи және Сандро Шмид (екеуі - «Фрибург»), Тимо Майер және Нико Хишер (екеуі - «Нью-Джерси»), Андрес Амбюль және Симон Кнак (екеуі - «Давос»), Грегори Хофманн («Цуг»).

Сондай-ақ бүгін В тобында 19:20-да Чехия мен АҚШ, 23:20-да Германия мен Дания ойнайды.

Ал А тобында 15:20-да Латвия мен Аустрия, 19:20-да Словакия мен Финляндия, 23:20-да Швеция мен Канада кездеседі.


 

Заза Цицкишвили «Атырау» сапынан кететін болды

Футбол 2 сағат бұрын

Заза Цицкишвили «Атырау» сапынан кететін болды

«Тұран» сапынан бірден алты ойыншы кетті

Футбол 3 сағат бұрын

«Тұран» сапынан бірден алты ойыншы кетті

Тас жолдағы велоспорттан Қазақстан чемпионатында жеңімпаздар анықталды

Басқа 5 сағат бұрын

Тас жолдағы велоспорттан Қазақстан чемпионатында жеңімпаздар анықталды

Халықаралық Олимпиада комитетін енді Кирсти Ковентри басқарады

Футбол 5 сағат бұрын

Халықаралық Олимпиада комитетін енді Кирсти Ковентри басқарады

Бокстан Әлем кубогының кезеңіне қатысатын тізім қашан шығады?

Бокс 5 сағат бұрын

Бокстан Әлем кубогының кезеңіне қатысатын тізім қашан шығады?

«Тұран» футбол клубы директорының міндетін атқарушы тағайындалды

Футбол 5 сағат бұрын

«Тұран» футбол клубы директорының міндетін атқарушы тағайындалды