Сыйлық

Бүгінгі күннің бонустары

Olimpbet қосымшасын пайдалан Өту
Біз тіркелгенің үшін 70 000 бонус береміз Өту
Olimpbet Видеореп

29.03.2026

«Астана» «Жетісудан» басым түсті

«Астана» «Жетісудан» басым түсті

Футзалдан Қазақстан чемпионатының 36-туры аясында «Астана» өз алаңында «Жетісуді» 4:2 есебімен жеңді.

Кездесуде есепті алдымен талдықорғандық команда сапынан Мадияр Тұрғамбай ашты. Алайда кейін Ильяс Бердалин мен Хади Әли Ахмади гол соғып, елордалықтарды алға шығарды. Біраздан соң Мәди Маратұлы пенальтиден дәл соққы жасап, таразы басын теңестірді.

Матчтың шешуші сәттерінде Мирас Мұрат пен Багдаулет Өмірзақов мергендік танытып, «Астанаға» жеңіс сыйлады.

Осы нәтижеден кейін «Астана» 33 ұпаймен турнирлік кестеде тоғызыншы орынға көтерілді. Ал «Жетісу» 16 ұпаймен 11-орында қалып отыр.



Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан