Сыйлық

Бүгінгі күннің бонустары

Olimpbet қосымшасын пайдалан Өту
Біз тіркелгенің үшін 60 000 бонус береміз Өту
Olimpbet Видеореп

5 сағат бұрын

«Бір адам өзін Құдай санап отыр»: футзал трансляциясына қатысты дау ушығып тұр

«Бір адам өзін Құдай санап отыр»: футзал трансляциясына қатысты дау ушығып тұр

ЖИ-мен жасалған коллаж

Футзал трансляциясына қатысты Қазақстан футбол федерациясы мен ел біріншілігінің трансляциясына жауапты болған маман Ақылбек Досжанов арасындағы дау ушығып тұр. Тараптар арасындағы келісімшартқа қарамастан, федерацияның 100 млн теңге көлемінде қарызы бар екені айтылды.

Ақылбек Досжановтың сөзінше, бұл мәселе енді заң аясында қаралып жатыр және сот шешімі негізгі рөл атқармақ.

«Жалпы, мәселенің түйіні сотта шешілуі мүмкін. Егер шешім біздің пайдамызға шықса, федерацияға қаржылық міндет жүктелетіні анық. Біз заң тұрғысынан дұрыс әрекет еттік. Біздің тарапымыздан ешқайдай құқық бұзушылық болған жоқ», – дейді ол.

Оның айтуынша, компания өз міндеттерін толық орындаған. Трансляция сапасы да жылдан-жылға жақсарып, эфирлер тұрақты түрде беріліп отырған.

«Біз ешқандай эфирді тоқтатқан жоқпыз. Керісінше, қиын жағдайларға қарамастан жұмысты жалғастырып келдік. Ойлаңызшы, кейбір өңірлерде интернеттің өзі жоқ, соған қарамастан барынша қолдан келгенше көмектестік. Ұйымдастыру жағынан да кемшіліктер болды, бірақ біз оған да түсіністік танытып, қолдау көрсетіп отырдық», – дейді ол.

Соған қарамастан, қараша айынан бері федерация тарапынан бірде-бір төлем жасалмаған.

«Бүгінгі таңда ең негізгі талабымыз – атқарылған жұмыс үшін тиесілі ақшаны төлеу. Басқа ештеңе сұрап отырған жоқпыз. Бірақ қараша айынан бері бірде-бір төлем түскен жоқ. Алдымен төлем биылғы 10 сәуірде жасалады деді, сосын 24 сәуірде болатынын айтты, бірақ сол күйі ешкім ештеңе төлеген жоқ», – дейді Досжанов.

«Келісімшарт бұзылған жоқ, бірақ міндет орындалмай отыр»

Сұхбат барысында келісімшарт мәселесі де қозғалды. Оның айтуынша, ресми түрде келісімшарт әлі күшінде.

«Бізбен жасалған келісімшарт әлі бұзылған жоқ. Соған қарамастан, өздеріне жүктелген міндеттерді орындамай отыр. Егер қандай да бір мәселе болса, заң бойынша ресми түрде ескерту жасап, келісімшартты тоқтатуы керек еді. Ондай ешқандай әрекет болған жоқ», – дейді ол.

Сонымен қатар федерацияның басқа компаниямен жұмыс істей бастағаны да айтылды.

«Мәселе – тек ақшада емес, жүйе түсініксіз»

Ақылбек Досжанов бұл жағдайды тек қаржылық дау деп қарамайды. Оның пікірінше, мәселе тереңде жатыр.

«Шынын айтсам, федерацияның не үшін бұлай әрекет етіп отырғанын түсінбеймін. Жұмыс жүріп тұрды, сапа жақсарды, эфир тұрақты болды. Соған қарамастан, өздері өздеріне кедергі жасап отырғандай әсер қалдырады», – дейді ол.

Оның айтуынша, қазіргі жағдайда ең қиыны – қаржылық жауапкершіліктің орындалмауы салдарынан қарапайым қызметкерлер зардап шегіп отыр.

«Қарамағымыздағы адамдардың еңбекақысын уақытында төлей алмай отырмыз. Сырт көзге ақша бізде қалғандай көрінеді, бірақ іс жүзінде олай емес. Бір тиын алмай жаман атты болып отырмын. Сол үшін де құрғақ уәдеге сене бермей, бұл мәселені ашық айту керек деп шештім. Бұл жағдай бізді де қиын жағдайға қалдырды», – дейді ол.

«Бұл бір адамның шешімі сияқты»

Сұхбат соңында Досжанов бұл жағдайға белгілі бір тұлғалардың ықпалы болуы мүмкін екенін де меңзеді.

«Бұл бір адамның шешімі сияқты көрінеді. Біреу өзіне шамадан тыс өкілет алып, өзін Құдай санап, бәрін өз бетінше шешіп отырғандай әсер қалдырады. Былайша айтқанда, «қайда барсаң, онда бар, бәрібір төлемеймін, сен маған ештеңе істей алмайсың» деген ұстанымды байқадым», – дейді ол.

Әлеуметтік желіде бұл мәселеге Досжановтың бұрынғы бас хатшы Давид Лориямен қарым-қатынасы да кері әсер етті деген пікірлер айтылып жатты. Себебі соңғы кездері бұл тақырыпқа қатысты алыпқашпа әңгіме көп.

«Мен Давид Лориямен жақын қарым-қатынаста болған жоқпын. Таныспыз, бірақ достық қатынас болған емес. Бұл жағдайды онымен байланыстыру – орынсыз. Тіпті біз дос болсақ та, атқарылған жұмыстың ақысы төленуі керек. Оның бір-біріне байланысы болмауы қажет», – дейді ол.

Ақылбек Досжанов бұл жағдайға қатысты өзінің еңбегі мен командасының жұмысы ескерусіз қалып отырғанына қынжылатынын жасырмады. Оның айтуынша, егер жұмыс сапасы төмен болса, федерация сын айтуға, тіпті келісімшартты бұзуға да құқылы еді.

«Шынымды айтсам, мен соған таңғаламын. Егер менің жұмысым нашар болса, біреу келіп ашық айтып, дәлел келтірсін. Тікелей эфир – үлкен жауапкершілік пен тәуекелді талап ететін сала. Бұл кез келгеннің қолынан келе бермейді. Бізге дейін де қаншама адам жұмыс істеді, бірақ нәтижесіз жобалар көп болды. Ал біз соңғы екі жылда футзал трансляциясының техникалық деңгейін көтердік деп айта аламын. Келісімшартты біржақты, яғни федерация ғана бұза алады. жұмысымызға көңілі толмаса, неге сол кезде осындай әрекетке бармады?!» – дейді ол.

Оның сөзінше, команда бұл жобадан аса үлкен пайда көрмеген, бірақ сапаға басымдық берген.

«Біз бұл жерден пайда таптық деп айта алмаймын. Бірақ еңбегіміз бар. Жұмысты жүйеледік, сапаны көтердік, жаңа техникалық шешімдер енгіздік», – дейді Досжанов.

«Ақша төленбесе, жұмысты тоқтатуға мәжбүрміз»

Сонымен қатар компания тек футзал емес, басқа да жобаларды қолға алғанын жеткізді. Кейбір жобалар бойынша тіпті келісімшарт толық рәсімделмесе де, жұмысты бастап кеткен.

«Егер жақын күндері келісімшартқа қол қойылып, нақты шешім қабылданбаса, біз жұмысты тоқтатуға мәжбүр болуымыз мүмкін. Өйткені халықтың алдында тағы да жауапкершілік бар. Бірақ қаржы мәселесі шешілмесе, әрі қарай жалғастыру қиын. қарамағымдағы жігіттерге тегін істей беріңдер деп қалай айтамын?» – дейді ол.

«Біз сапалы өнім ұсындық, бірақ ол бағаланбады»

Досжановтың айтуынша, көрермен сапалы өнімге үйреніп қалған. Соңғы уақытта трансляция сапасы айтарлықтай жақсарған.

«Адамдар жақсы нәрсеге тез үйренеді. Біз шын мәнінде сапалы өнім ұсындық – техникалық деңгейді көтердік, жаңа идеялар енгіздік. Бірақ соның бәрін қолдап жатқан ешкім жоқ, керісінше кедергілер көбейіп жатыр», – дейді ол.

«Бизнес-класс сұрайды, бірақ экономның ақшасын да төлемейді»

Ол қазіргі жағдайды қарапайым мысалмен түсіндірді.

«Бұл жерде бір парадокс бар: бізден бизнес-класс деңгейіндегі қызмет сұрайды, бірақ тіпті эконом-класқа жететін қаржыны да төлемейді. Қазіргі заманда кез келген сапалы қызметтің өз бағасы бар. Мысалы, қарапайым мобильді трансляцияның өзі белгілі бір қаражатты талап етеді. Ал бізден жоғары деңгей сұрап отыр. Мобилографтардың өзі бір реттік жұмысына 50 мың теңге алады, біздің операторларға ондай ақша төленбейді, ал қазір мүлде айлық ала алмай отыр», – дейді ол.

Ақылбек Досжановтың айтуынша, мәселе тек бір жобаның айналасында емес, жалпы жүйеде жатыр. Қаржылық міндеттемелер орындалмайынша, сапалы өнім күту қиын.

«Қазір заман басқа. Жұмыс істетіп, ақшасын төлемей қойыпты деген 90-жылдардың әңгімесі сияқты еді. Бірақ шын мәнінде ол әлі ешқайда кетпепті. Сондықтан соттың шешімін күтеміз», – деп түйіндеді ол.

Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан