2 сағат бұрын
Қазақстан U-19 футзал құрамасы Өзбекстанмен кездеседі
Фото: ҚФФ
Футзалдан Қазақстан U-19 жасөспірімдер құрамасы Өзбекстанға қарсы екі матч өткізеді, деп хабарлайды Sport12.kz.
Құрамаға 17 ойыншы шақырту алды.
Жиын аясында Қазақстан құрамасы Өзбекстанға қарсы екі жолдастық кездесу өткізеді деп жоспарланған:
4.05 | 17:00
Қазақстан U-19 – Өзбекстан U-19
5.05 | 14:00
Қазақстан U-19 – Өзбекстан U-19
Қақпашылар: Сұңқар Мұхтаров («Семей»), Адис Ахметов («Қарағанды»), Әмір Рымжанов («Тұлпар»);
Алаңдағы ойыншылар: Ильнар Байқасынов, Владимир Вольман (екеуі де – «Тұлпар»), Заур Гайдаржи, Асанәлі Мұнбаев, Владимир Тихоплав, Тимофей Морозов, Никита Ковылин (барлығы – «Аят»), Серікбол Төлеш («Бәйтерек»), Артур Ерошенков («Қайрат»), Расул Ерболұлы, Жанмұрат Амандосов, Олжас Мейрамұлы, Нияз Алпысбай (барлығы – «Атырау»), Әлібек Торғауыт («Сайран»).
Құрама 1-11 мамыр күндері аралығында Түркістан қаласындағы Olympic Center орталығында оқу-жаттығу жиынын өткізеді.
Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан