03.05.2026
«Ұлытау» ел чемпионатында сенсация жасады
«Ұлытау» Премьер-лиганың сегізінші турындағы өз алаңындағы матчта «Елімайды» 1:0 есебімен жеңді, деп хабарлайды Sport12.kz тілшісі.
Алтыншы минутта Георгий Бугулов жақын қашықтықтан баспен соққы жасап, есеп ашты. Осыдан кейін ашық ойын өрбіді. Екі команда да гол соғуға мүмкіндік алды. Алайда есеп өзгермей, матч 1:0 нәтижесімен аяқталды.
«Ұлытау» — «Елімай» 1:0 (1:0)
Гол: Бугулов 6 (1:0).
Осылайша, «Елімай» ҚПЛ-2026 маусымында алғаш рет жеңіліске ұшырап, 13 ұпаймен турнирлік кестеде бесінші орынға жайғасты. «Ұлытау» 14 ұпаймен бір саты жоғары тұр.
Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан
Қанат Байұзақов