4 күн бұрын
«Барселона» жеңісті сериясын тоқтатты
Испания чемпионатының 36-туры аясында «Барселона» сырт алаңда «Алавестен» 0:1 есебімен жеңіліп қалды.
Каталониялық клуб чемпиондықты мерзімінен бұрын қамтамасыз еткеннен кейін алаңға қосалқы құрамға жақын ойыншылармен шықты. Матч барысында алаң иелері бірнеше қауіпті сәт ұйымдастырғанымен, қақпашы Войцех Щенсны командасын бірнеше рет құтқарып қалды.
Алайда бірінші таймға қосылған уақытта Ибрагим Диабате мергендік танытып, «Алавеске» жеңіс сыйлады.
Осылайша, «Барселонаның» Ла Лигадағы 11 матчқа созылған жеңісті сериясы аяқталды. Соған қарамастан, каталониялық клуб 91 ұпаймен турнир кестесінің көшін бастап тұр.
Ал бұл жеңістің арқасында «Алавес» турнирлік кестеде 15-орынға көтеріліп, қауіпті аймақтан шықты.
Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан