Сыйлық

Бүгінгі күннің бонустары

Olimpbet қосымшасын пайдалан Өту
Біз тіркелгенің үшін 70 000 бонус береміз Өту
Olimpbet Видеореп

3 күн бұрын

Elorda – Бірінші лиганың чемпионы

Elorda – Бірінші лиганың чемпионы

Фото: ҚФФ

Футзалдан Бірінші лиганың кезекті маусымы өз мәресіне жетіп, чемпион анықталды, деп хабарлайды Sport12.kz

Шешуші кездесуде Elorda көкшетаулық Elim-ai клубынан 5:1 есебімен басым түсіп, турнирдің бас жүлдесін иеленді. Осы жеңістің арқасында Elorda келесі маусымда Қазақстан чемпионатында өнер көрсетуге мүмкіндік алды.

Күміс жүлдегер атанған Elim-ai Премьер-лигада орын алу үшін «Шымкент» немесе «Жетысу» командаларының біріне қарсы өтпелі матчтарда бақ сынайды.

Ал Бірінші лиганың қола жүлдесі Атырау облысының намысын қорғаған MAQAT клубының еншісіне бұйырды.

Бірінші лиганың үздік ойыншылары анықталды:

Үздік қақпашы – Қосекен Алтынбек (MAQAT)

Үздік қорғаушы – Имран Абдрахманов («Қайрат» U21)

Үздік шабуылшы – Батырхан Имашев (Elim-ai)

Үздік бапкер – Олжас Сүлейменов (Elorda)

Үздік ойыншы – Қуаныш Бегалин (Elorda).


Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан