21.05.2026
Густаво Парадеда «Қайраттың» бас бапкері атанды
Алматылық «Қайрат» футзал клубы Густаво Парадеданың команданың жаңа бас бапкері болып тағайындалғанын ресми түрде жариялады.
Клуб мәліметінше, жаңа жаттықтырушымен жасалған келісімшарт үш жылға есептелген.
Айта кетейік, Густаво Парадеда 2004–2009 жылдар аралығында «Қайрат» сапында қақпашы ретінде өнер көрсеткен. Осы кезеңде командамен бірге футзалдан УЕФА кубогының қола жүлдегері атанып, клуб тарихындағы алғашқы еурокубок жүлделерін жеңіп алған.
Соңғы жылдары Парадеда клуб құрылымында негізгі команда мен академияның спорт директоры қызметін атқарды. Өткен маусымда плей-офф кезеңі алдында «Қайрат» тізгінін қолға алып, команданы Қазақстан чемпионы атандырған болатын.
Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан