4 сағат бұрын
29 жастағы қазақстандық футболшы жол апатынан қаза болды
29 жастағы қазақстандық футболшы және жаттықтырушы Илья Буртовой ауыр жол-көлік апатынан қайтыс болды.
Қайғылы жағдайға байланысты Қазақстан футзал қауымдастығы ресми мәлімдеме жасап, марқұмның отбасы мен жақындарына көңіл айтты.
«Ол өз жұмысын шын жүректен жақсы көрді. Әр баланың дамуына бар күш-жігерін жұмсап, тәрбиеленушілерінің жетістігі үшін аянбай еңбек етті», – делінген «Скаут» футбол клубының хабарламасында.
Оқиға Абай – Қарағанды бағытындағы тасжолда болған. Апаттан ауыр жарақат алған маман шұғыл түрде Қарағанды қалалық ауруханасына жеткізілген. Дәрігерлер барынша көмек көрсеткенімен, алған жарақаттары аса ауыр болғандықтан, оның өмірін сақтап қалу мүмкін болмады.
Илья Буртовой жасына қарамастан, соңғы жылдары «Скаут» балалар футбол клубында бапкер ретінде еңбек етіп, жас буынды тәрбиелеумен айналысты. Сонымен қатар ол Көкшетаудың «Elim-Ai» футзал командасында ойыншы ретінде де өнер көрсеткен.
Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан