19.06.2026
Қазақстан Еуропа іріктеуінде элиталы топқа кірді
Қазақстан ұлттық футзал құрамасы 2028 жылғы әлем чемпионатының Еуропалық іріктеу кезеңінің негізгі раунды жеребесінде бірінші себеттен орын алды.
Жеребе тарту рәсімі 2026 жылғы 19 маусымда УЕФА-ның Ньон қаласындағы штаб-пәтерінде өтеді. Негізгі раундқа 36 құрама қатысып, олар 12 топқа бөлінеді. Командалар үйде және сыртта екі айналымдық жүйе бойынша бақ сынайды.
УЕФА рейтингінде жоғары орын алған Қазақстан Испания, Португалия, Франция, Италия, Украина, Хорватия және Нидерланд сияқты мықты құрамалармен бірге бірінші себетке кірді.
Негізгі раунд ойындары 2026–2027 жылдарға жоспарланған: 12–21 қазан, 2–11 қараша, 6–9 желтоқсан 2026 жыл және 22 ақпан – 3 наурыз 2027 жыл аралығы.
Іріктеу қорытындысы бойынша 12 топ жеңімпазы және ең үздік төрт екінші орын алған құрама элиталық раундқа жолдама алады. Қалған екінші орын иелері плей-офф кезеңінде жарысты жалғастырады.
Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан