24.06.2026
Лука Модрич тарихи межеге жетті
Хорватия құрамасының капитаны Лука Модрич Панамаға қарсы кездесуде негізгі құрамда алаңға шығып, ұлттық құрама сапындағы 200-матчын өткізді.
Осылайша, тәжірибелі жартылай қорғаушы ұлттық құрамалар тарихында 200 ойын межесіне жеткен төртінші футболшы атанды. Бұған дейін мұндай көрсеткішке Криштиану Роналду, Лионель Месси және Бадер Әл-Мутава ғана қол жеткізген.
Әлем чемпионатының екінші турында Хорватия Панаманы 1:0 есебімен жеңді. Жалғыз голды Анте Будимир соқты.
Екі турдан кейін хорваттар 3 ұпаймен L тобында үшінші орында келеді. Соңғы турда Лука Модрич бастаған команда Ганамен шешуші матч өткізеді. Бұл кездесуде плей-офф жолдамасының тағдыры шешілуі мүмкін.
Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан