Сыйлық

Бүгінгі күннің бонустары

Olimpbet қосымшасын пайдалан Өту
Біз тіркелгенің үшін 100 000 бонус береміз Өту
Olimpbet Видеореп

1 күн бұрын

Футзалдан Қазақстан чемпионатының жеңімпазы белгілі болды

Футзалдан Қазақстан чемпионатының жеңімпазы белгілі болды

Алматылық «Қайрат» 2025/2026 жылғы Қазақстан футзал чемпионатының алтын медалін жеңіп алды, деп хабарлайды Sport12.kz.

Финалдық серияның «Семейге» қарсы бесінші матчы Семей қаласында өтті. Ойын алдындағы сериядағы есеп тең болды — 2:2.

Кездесу қос команданың да қауіпті шабуылдарымен басталды. Үшінші минутта Эдсон Сантос қонақтарды алға шығарды. Ал тоғызыншы минутта Камиль Герейханов таразы басын теңестіріп, командалар үзіліске 1:1 есебімен аттанды.

Екінші таймда Жулио Заноттоның голының арқасында «Қайрат» қайтадан алға шықты. Алайда 33-минутта Кандидо есепті тағы да теңестіріп, ойынды 2:2 есебімен қосымша уақытқа жеткізді.

Чемпион тағдыры алғашқы қосымша таймда шешілді. Бірінші қосымша таймның аяқталуына аз уақыт қалғанда Біржан Оразов жойқын соққымен допты «Семейдің» қақпасына тоғытып, алматылық клубқа 3:2 есебімен жеңіс пен чемпиондық атақты сыйлады.


Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан