1 күн бұрын
«Семей» футзал клубы үздік шабуылшысымен қоштасты
Грузия құрамасының шабуылшысы Бруно Гомеш «Семей» клубымен қоштасты, деп хабарлайды Sport12.kz.
Бразилиялық футзалшы өзінің Instagram парақшасында «Семей» сапындағы өткен маусымның ең жарқын сәттерімен бөлісті. Жарияланған суреттерден матчтардағы эпизодтарды, жанкүйерлермен түскен кадрларды және Қазақстан Кубогын табыстау рәсіміндегі әсерлі сәттерді көруге болады.
«Мен әрдайым алғысымды сақтаймын. Рақмет, Семей!» – деп жазды футболшы.
Бруно Гомеш «Семей» клубына 2025 жылдың 21 тамызында Испанияның «Пальма» клубынан 2025/2026 жылғы маусымның соңына дейін жалға алу келісімімен ауысты. Қазақстандағы өнер көрсету кезеңінде ол командамен бірге Қазақстан Кубогын жеңіп алып, ел чемпионатының күміс жүлдегері атанды. «Семей» сапында 53 матч өткізіп, 31 гол соғып, 18 нәтижелі пас берді.
Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан
Қанат Байұзақов