Сыйлық

Бүгінгі күннің бонустары

Olimpbet қосымшасын пайдалан Өту
Біз тіркелгенің үшін 100 000 бонус береміз Өту
Olimpbet Видеореп

15.07.2026

«Қайраттың» экс-ойыншысы мансабын Ресейде жалғастырады

«Қайраттың» экс-ойыншысы мансабын Ресейде жалғастырады

Қазақстан құрамасының әмбебап футзалшысы Эдсон Гомес дос Сантос ресми түрде Ресейдің «ИрАэро» клубының ойыншысы атанды.

Иркутск клубының баспасөз қызметі 34 жастағы футзалшымен келісімшарт жасалғанын хабарлады. Алайда келісімнің мерзімі жарияланған жоқ.

Эдсон 2018 жылдан бері алматылық «Қайраттың» намысын қорғады. Осы уақыт ішінде (Словенияның «Лития» клубындағы қысқа мерзімді жалға беруді есептемегенде) ол командамен бірге сегіз мәрте Қазақстан чемпионы, жеті рет Қазақстан кубогының және жеті рет Суперкубоктың жеңімпазы атанды.

Сондай-ақ, «Қайрат» сапында Еуропаның футзалдан Чемпиондар лигасында екі рет күміс (2018/19, 2024/25) және бір рет қола (2020/21) жүлдеге ие болды.

Айта кетейік, Эдсон 2022 жылы Қазақстан азаматтығын қабылдап, ұлттық құрама сапында Еуропа чемпионатында дебют жасаған болатын.



Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан