9 сағат бұрын
“Қайраттың” жұлдызды капитаны командамен қош айтысты
Футзалдан “Қайрат” командасының көшбасшысы әрі капитаны Біржан Оразов құрамадан кетті. Бұны клубтың баспасөз қызметі хабарлады.
"Біздің капитанымыз, біздің мақтанышымыз. Біржан, сізбен бірге көптеген қиындықты еңсеріп, талай қуанышты сәтті бастан өткердік. Алаңдағы әрбір әрекетіңіз нағыз капитанға тән қадам болды. Жаңа жолыңыз ашық болсын! Біз сізді әрдайым мақтан тұтамыз. Жеңісті күндерде кездескенше!" — делінген клубтың хабарламасында.
Айта кетейік, Біржан Оразов “Қайрат” сапында 8 жыл өнер көрсетіп, команданың көшбасшыларының біріне айналды. Оның клубтағы соңғы ойыны Қазақстан чемпионатының финалында «Семейге» қарсы өтті. Шешуші бесінші кездесуде Оразов овертаймда гол соғып, «Қайраттың» 3:2 есебімен жеңіске жетуіне үлес қосты. Осылайша, алматылық клуб 22-рет Қазақстан чемпионы атанды.
Біздің серіктес: Sport12kz