16 сағат бұрын
«Қайраттың» көшбасшысы енді «Семей» намысын қорғайды
«Семей» футзал клубы Қазақстан құрамасының ойыншысы Біржан Оразовпен келісімшартқа қол қойғанын ресми түрде жариялады.
31 жастағы футзалшы сегіз жыл бойы алматылық «Қайрат» сапында өнер көрсеткеннен кейін мансабын семейлік клубта жалғастырады.
Оразов Қазақстанның ең үздік футзалшыларының бірі саналады. Ол 2022 жылғы Еуропа чемпионатының үздік сұрмергені атанып, мансабында бірнеше мәрте Қазақстан чемпионы және ел кубогының жеңімпазы болды.
Өткен маусымда Біржан Қазақстан чемпионатында 36 матч өткізіп, 20 гол соқты. Сонымен қатар УЕФА Чемпиондар лигасында жеті кездесуде жеті рет мергендігімен көзге түсті.
Біздің серіктес: Sport12kz