04.08.2026
«Қайрат» Қазақстан құрамасының ойыншысын қатарға қосты
Алматылық «Қайрат» футзал клубы Қазақстан құрамасының шабуылшысы Азат Валиуллинмен келісімшартқа қол қойғанын ресми түрде жариялады.
34 жастағы тәжірибелі футзалшының трансфері туралы клубтың ресми әлеуметтік желідегі парақшаларында хабарланды. Алайда келісімшарттың мерзімі мен өзге де шарттары жарияланған жоқ.
Өткен маусымда Валиуллин рудныйлық «Аят» сапында Қазақстан чемпионатында 41 матчқа қатысып, 33 голдың авторы атанған.
Айта кетейік, Азат Валиуллин Қазақстан ұлттық құрамасының ойыншысы. Бұған дейін «Қайрат» Ресей құрамасының футзалшысы Камиль Герейхановпен келісімшартқа отырғанын мәлімдеген еді.
Біздің серіктес: Sport12kz