3 күн бұрын
Футзалдан Қазақстан құрамасының ойыншысы «Каспийге» ауысты
Фото: «Каспий» футбол клубы
Футзалдан Қазақстан құрамасының ойыншысы Ержан Қарменов ақтулық «Каспий» клубына ауысты, деп хабарлайды Sport12.kz.
Бұл жөнінде команданың баспасөз қызметіне ауысты.
Ержан Қарменов 2003 жылы 21 қазанда Абай облысы Аягөз қаласында дүниеге келген. 2020 жылдан бері алматылық «Қайрат», талдықорғандық «Жетісу», «Семей» клубтарында доп тепті.
2023 жылдан бері Қазақстан ұлттық құрамасында ойын көрсетіп келеді.
Еске салсақ, бұдан бұрын «Каспий» футзал клубының бас бапкері Жозе Алесио Да Силва отбасылық жағдайына байланысты клубтағы қызметін аяқтады.
Біздің серіктес: Sport12kz