3 күн бұрын

«Каспий» жаңа маусым алдында үш ойыншымен келісімшарт жасасты

«Каспий» жаңа маусым алдында үш ойыншымен келісімшарт жасасты

Футзалдан «Каспий» клубы жаңа маусым қарсаңында құрамын үш ойыншымен толықтырды. Команда сапына Нарун Сериков, Ержан Карменов және Әділет Болатов қосылды.

Қазақстан құрамасының қақпашысы Нарун Сериков Алматының «Қайрат» клубынан «Каспийге» жалға алынды.

Команданың тағы бір жаңа ойыншысы — Ержан Карменов. Ол бұған дейін «Семей» МФК сапында өнер көрсеткен.

Ал Әділет Болатов өткен уақытта Оралдың «Бәйтерек» клубының намысын қорғаған.

Еске салайық, өткен маусымда «Каспий» чемпионатта алтыншы орын алған. Плей-оффтың ширек финалында команда «Ақтөбеге» жол берді.



Біздің серіктес: Sport12kz