1 сағат бұрын
Павел Карпов «Қайрат» ойыншысы атанды
Фото: «Қайрат» футзал клубы
Павел Карпов «Қайрат» футзал клубының ресми түрде ойыншысы атанды, деп хабарлайды Sport12.kz.
Бұл жөнінде команданың баспасөз қызметі мәлім етті.
Ол бұған дейін ресейлік «Газпром-Югра» клубының намысын қорғаған болатын.
- Оның жоғары деңгейдегі шеберлігі мен мол тәжірибесі алдағы жауапты матчтарда командамыздың әлеуетін арттыруға зор үлес қосады, - деп жазылған хабарламада.
Еске салсақ, Қазақстан ұлттық құрамасы мен «Қайрат» футзал клубының қақпашысы Нарун Серіков Ақтаудың «Каспий» командасы сапына ауысты.
Біздің серіктес: Sport12kz