13 сағат бұрын
Сергей Шевцов - «Бәйтерек» командасының бас бапкері
Фото: «Байтерек» футзал клубы
Орал футболының түлегі Сергей Сергеевич Шевцов «Бәйтерек» жаңа бас бапкері болып тағайындалды, деп хабарлайды Sport12.kz.
Сергей Сергеевич клубпен оның құрылған күнінен бастап бірге. Алғашында команда сапында Қазақстан чемпионатында ойыншы ретінде өнер көрсетіп, 40-қа жуық матч өткізді және 6 гол соқты. Кейін бапкерлік қызметке ауысты.
UEFA B лицензиясының иегері. Жастар командаларымен жұмыс істеп, U19 құрамасымен Қазақстан чемпионы атанды, соңғы жылдары негізгі команданың бапкерлер штабында еңбек етті
Біздің серіктес: Sport12kz