18.08.2026
«Семей» құрамын екі ойыншымен толықтырды
Футзалдан Қазақстан чемпионы «Семей» жаңа маусым алдында құрамын екі ойыншымен күшейтті.
Командаға Бразилиядан Нардиньо, Қазақстаннан Расул Карбаев қосылды.
29 жастағы Нардиньо бұған дейін «Атлантико», «Форталеза», «Белененсеш» және «Портимоненсе» клубтарында ойнаған. Бразилиялық футзалшы ел чемпионы атанып, Кубокты да жеңіп алған.
Ал 28 жастағы Расул Карбаев бірнеше жыл бойы елорданың «Астана» командасында өнер көрсетті.
«Семей» алдағы маусымда Қазақстан чемпионатындағы атағын сақтап қалумен қатар, Чемпиондар лигасында да жақсы нәтиже көрсетуге ниетті.
Біздің серіктес: Sport12kz