10 сағат бұрын
Футзалдан Қазақстанның 2026 жылғы үздік жас ойыншысы атанды
Фото: Қазақстан футзал қауымдастығы
Қазақстан футзал қауымдастығы өткен маусымның үздік ойыншылары мен мамандарын анықтау мақсатында сауалнама жүргізді, деп хабарлайды Sport12.kz.
Қазақстанның ең үздік жас ойыншысы төртінші рет анықталды. Сауалнамаларда барлығы 8 ойыншының аты-жөні көрсетілген.
Үздік жас ойыншы болып «Аят» футзал клубының 17 жастағы шабуылшысы Заур Гайдаржи танылды. Рудный футболының түлегі биылғы маусымда Қазақстан чемпионаты мен кубогында 47 кездесу өткізіп, 20 доп соққан. 2025 жылы, 16 жасында, ол Еуропа чемпионатының іріктеу кезеңінде Қазақстанның U-19 құрамасы сапында өнер көрсетті. Ол 27 ұпай жинап, айқын басымдықпен жеңіске жетті. «Астана» футзал клубының ойыншысы Ілияс Бердалин мен «Жетісу» командасының өкілі Мәди Маратұлы екінші және үшінші орындарды өзара бөлісті.
Бұған дейін Дамир Қайырбай, Ержан Кәрменов және Тимур Мәлібеков үздік жас ойыншылар деп танылған болатын.
Еске салсақ, бұдан бұрын Қазақстан футзал қауымдастығы өткен маусымның үздік ойыншылары мен мамандарын анықтау мақсатында сауалнама жүргізді.
.
Біздің серіктес: Sport12kz