1 сағат бұрын
Бүгін Миланда «Интер» мен «Наполи» кездеседі
Бүгін, 5 қыркүйек, Италия чемпионатының үшінші турында Миландағы «Джузеппе Меацца» стадионында «Интер» мен «Наполи» командалары кездеседі, деп хабарлайды Sport12.kz.
«Интер» — «Наполи» матчының тікелей трансляциясы Қазақстан уақытымен сағат 21:00-де басталады.
Чемпионаттың алғашқы екі турында «Интер» алты ұпай жинады. Миландық клуб маусымды өз алаңында «Монцаны» 4:1 есебімен ірі есеппен жеңуден бастады. Кейін сырт алаңда «Кальяриді» 1:0 есебімен ұтты.
Ал «Наполи» алғашқы турда сырт алаңда «Дженоаны» 2:0 есебімен жеңіп, үш ұпай еншіледі. Екінші кездесуде өз алаңында «Комоға» 1:2 есебімен жол берді.
«Интер» мен «Наполидің» соңғы өзара кездесуі қаңтар айында өтіп, 2:2 есебімен тең аяқталған болатын. Командалардың соңғы бес кездесуінің төртеуі тең нәтижемен аяқталды. Бір ойында «Наполи» жеңіске жетті.
«Интер» бұл қарсыласына қарсы соңғы рет 2024 жылдың қаңтарында жеңіске жеткен.
Біздің серіктес: Sport12kz