13.09.2026

«Ахмат» Махачкала «Динамосын» қабылдайды

«Ахмат» Махачкала «Динамосын» қабылдайды

13 қыркүйек, жексенбі күні Ресей Премьер-лигасының 8-туры аясында Грозныйдың «Ахматы» өз алаңында махачкалалық «Динамоны» қабылдайды, деп хабарлайды Sport12.kz.

«Ахмат» – «Динамо» Махачкала матчының тікелей трансляциясы Қазақстан уақытымен 16:30-да басталады.

Жеті турдан кейін «Ахмат» жеті ұпай жинаса, махачкалалық «Динамоның» еншісінде 12 ұпай бар. Соңғы матчында Грозный клубы сырт алаңда қазандық «Рубинмен» 1:1 есебімен тең түсті. Ал «Динамо» өз алаңында мәскеулік «Родинаны» 2:0 есебімен жеңді.

Командалардың соңғы кездесуі мамыр айында өтіп, 1:1 есебімен аяқталған.

Айта кетейік, «Ахмат» сапында Қазақстан құрамасының футболшылары – жартылай қорғаушы Ғалымжан Кенжебек пен шабуылшы Максим Самородов өнер көрсетеді. Самородов осы маусымда сегіз матч өткізіп, бір гол соқты. Ал Кенжебек бес кездесуге қатысып, нәтижелі әрекетімен көзге түскен жоқ.



Біздің серіктес: Sport12kz