9 сағат бұрын
«Семейдің» сұрмергені Ақжол Дәрібай «Қайратқа» ауысты
Алматылық «Қайрат» футзал клубы Қазақстан ұлттық құрамасының ойыншысы Ақжол Дәрібаймен «2+1» жүйесі бойынша келісімшарт жасасты.
Дәрібай бұған дейін «Семей» сапында өнер көрсетіп, 148 матчта 64 гол соққан және 52 нәтижелі пас берген. 2023/2024 маусымында командасымен бірге Қазақстан чемпионы атанды.
Кәсіби мансабын «Тұлпарда» бастаған футзалшы кейін «Жетісу» мен «Астана» командаларында ойнады. Енді ол «Қайрат» сапында 6-нөмірмен өнер көрсетеді.
Дәрібай Қазақстан ұлттық құрамасындағы алғашқы матчын 2022 жылғы қазанда Словенияға қарсы өткізді. 2024 жылы Өзбекстанда өткен әлем чемпионатында да ұлттық құрама сапында ойнап, голымен көзге түсті.
Біздің серіктес: Sport12kz