5 күн бұрын

Футзалдан Қазақстан ққұрамасы FIFA рейтингінде қай орында тұр?

Футзалдан Қазақстан ққұрамасы FIFA рейтингінде қай орында тұр?

Фото: ҚФФ

Халықаралық футбол федерациясы (FIFA) футзалдан ерлер құрамалары арасындағы рейтингті жариялады, деп хабарлайды Sport12.kz.

Ел құрамасы 1403,8 балл еншілеп, сегізінші орнын сақтап қалды.

Рейтингте көш басында Бразилия құрамасы келеді. Одан кейінгі орынға Португалия жайғасса, Испания үздік үштікті түйіндеп тұр.

Сондай-ақ алғашқы үздік ондыққа Қазақстаннан өзге Аргентина, Иран, Марокко, Ресей, Украина, Франция табан тіреді.

Айта кетсек, маусым айында футзалдан Қазақстан ұлттық құрамасының 2028 жылғы әлем чемпионатының негізгі кезеңіндегі қарсыластары белгілі болды.

Іріктеудің негізгі кезеңінде 36 ұлттық құрама бақ сынайды. Олар үш құрамадан 12 топқа бөлінді. Матчтар үйде және сырт алаңда өтеді.

Жеребе қорытындысы бойынша Қазақстан құрамасы 6-топқа түсіп, Беларусь және Албания құрамаларымен кездеседі.

Негізгі раунд матчтары 2026 жылғы 12-21 қазан, 2-11 қараша, 6-9 желтоқсан аралығында және 2027 жылғы 22 ақпан мен 3 наурыз аралығында өтеді.

Негізгі кезеңнің қорытындысы бойынша барлық 12 топтың жеңімпазы мен екінші орын алған үздік төрт құрама элиталық раундқа тікелей жолдама алады. Ал екінші орын иеленген қалған сегіз команда плей-офф кезеңінде әлем чемпионатының келесі сатысына шығу үшін күресін жалғастырады.

Айта кетсек, елордалық «Астана» футзал клубының 2026/2027 жылғы маусымға құрамы белгілі болды.




Біздің серіктес: Sport12kz