4 сағат бұрын
Қазақстан футзалдан 2030 жылғы Еуропа чемпионатын өткізуі мүмкін
Фото: ҚФФ
Қазақстан футзалдан 2030 жылғы Еуропа чемпионатын өткізуге үміткер атанды. УЕФА-ның ресми сайты бұл жөнінде жеті елден өтініш түскенін жариялады, деп хабарлайды Sport12.kz.
Олардың қатарында Хорватия, Финляндия, Франция, Грузия, Қазақстан, Польша және Испания бар.
Хорватия мен Испания бұған дейін Еуропа чемпионатын қабылдаған, қалған бес ел үшін бұл алғашқы тәжірибе болуы мүмкін.
Финалдық турнирді өткізуге арналған түпкілікті өтінімдерді 2027 жылдың 8 маусымына дейін тапсыру қажет.
Қожайын елді УЕФА Атқару комитеті 2027 жылдың қыркүйегінде таңдайды.
Еске салайық, бұған дейін УЕФА Астана 2027 жылы 19 жасқа дейінгі жастар арасындағы Еуропа чемпионатының финалын қабылдайтынын ресми бекіткен еді.
Біздің серіктес: Sport12kz