26.09.2024

Сенсация: Қазақстан құрамасы Португалияны жеңіп, ширек финалға жолдама алды

Сенсация: Қазақстан құрамасы Португалияны жеңіп, ширек финалға жолдама алды

Қазақстан футбол федерациясының суреті

Бүгін, 26 қыркүйекте футзалдан Қазақстан құрамасы әлем чемпионатының 1/8 финалында Португалияны жеңіп, ширек финалға шықты 

Екі құрама бұған дейін екі мәрте кездесіп, қазақстандық футзалшылар екеуінде қарсыласына есе жіберді. 

Кездесу барысында 10-минутта қазақстандық Шыңғыс Есенаманов есеп ашса, оған португалиялық Зикки 21-минутта бір голмен жауап қайырды.

Ойынның бітуіне небәрі 12 секунд қалғанда Дәурен Тұрсағұлов жеңіс голын соғып кетті. 

Осылайша қарсыласын 2:1 есебімен жеңген қазақстандық футзалшылар жарысты жалғастыруға мүмкіндік алды. 

Қазақстан биыл D тобында Испаниямен 1:1 есебімен тең ойнаса, одан кейін Ливияны 4:1, Жаңа Зеландияны 10:0 есебімен тізе бүктірді. Нәтижесінде өз тобында Испанияны алға жіберіп, екінші орын алды. 

Қазірге дейін әлем чемпионатының ширек финалына Бразилия, Украина, Парагвай, Венесуэла, Марокко құрамалары жолдама алды.


8 жастағы жапон шабуылшысы Кадзуёси Миура мансабын аяқтау туралы айтты

Футбол 6 сағат бұрын

8 жастағы жапон шабуылшысы Кадзуёси Миура мансабын аяқтау туралы айтты

Әлемдік футболдағы ерекше рекорд: Энцо – екі әлем чемпионатының жеңімпазы

Футбол 7 сағат бұрын

Әлемдік футболдағы ерекше рекорд: Энцо – екі әлем чемпионатының жеңімпазы

Астана қаласында «Болашақ ойындарын» қабылдайтын спорт нысандары анықталды

Басқа 9 сағат бұрын

Астана қаласында «Болашақ ойындарын» қабылдайтын спорт нысандары анықталды

Марат Омаров: Қазақстан Конференция лигасы мен УЕФА Суперкубогын қабылдауға дайын

Футбол 9 сағат бұрын

Марат Омаров: Қазақстан Конференция лигасы мен УЕФА Суперкубогын қабылдауға дайын

Қазақстан құрамасының экс-сұрмергені Тайнан «Семей» клубына ауысады

Футзал 13 сағат бұрын

Қазақстан құрамасының экс-сұрмергені Тайнан «Семей» клубына ауысады

Клубтар арасындағы әлем чемпионаты - 2029: Алғашқы төрт қатысушы белгілі болды

Футбол 15 сағат бұрын

Клубтар арасындағы әлем чемпионаты - 2029: Алғашқы төрт қатысушы белгілі болды