31.05.2025

Хоккейден 2026 жылғы әлем чемпионаты қайда өтеді?

Хоккейден 2026 жылғы әлем чемпионаты қайда өтеді?

Фото: Қазақстан хоккей федерациясы

Қазақстанның жасөспірімдер, жастар және қыздар құрамалары қатысатын әлем чемпионаттарының мерзімі мен өтетін орны Халықаралық хоккей федерациясының жыл сайынғы конгресінде бекітілді, деп хабарлайды Sport12.kz.

Бұл туралы Қазақстан хоккей федерациясы мәлімдеді.

IA дивизиондағы жастар арасындағы әлем чемпионаты 2026 жылдың 7–13 желтоқсан аралығында Словенияның Блед қаласында өтеді. Қазақстан жастар құрамасының қарсыластары – Австрия, Норвегия, Словения, Франция және Украина.

IA дивизиондағы жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионаты 2026 жылдың 18–24 сәуірі аралығында Польшаның Крыница қаласында өтеді. Қарсылас командалар – Швейцария, Украина, Словения, Венгрия және Польша.

IB дивизиондағы қыздар арасындағы әлем чемпионаты 2026 жылдың 12–18 сәуірі аралығында Испанияның Пучсерда қаласында өтеді. Қарсыластар – Нидерланд, Латвия, Ұлыбритания, Оңтүстік Корея және Испания.

II дивизионының А тобындағы юниор қыздар (U18) арасындағы әлем чемпионаты 2026 жылдың 19–25 қаңтары аралығында Түркия астанасы – Стамбулда өтеді. Қарсылас командалар – Оңтүстік Корея, Латвия, Нидерланд, Жаңа Зеландия және Түркия.

Талғат Жайлауов «Номад» командасының бас бапкері болды

Хоккей 6 сағат бұрын

Талғат Жайлауов «Номад» командасының бас бапкері болды

Николай Солодовников «Ұлытау» сапынан кетті

Футбол 6 сағат бұрын

Николай Солодовников «Ұлытау» сапынан кетті

Дритон Цамай – «Астана» ойыншысы

Футбол 7 сағат бұрын

Дритон Цамай – «Астана» ойыншысы

Ресейлік қақпашы «Тұран» сапын толықтырды

Футбол 7 сағат бұрын

Ресейлік қақпашы «Тұран» сапын толықтырды

Нұрсұлтан Құрман - Қазақстан футзал қауымдастығының жаңа президенті

Футбол 8 сағат бұрын

Нұрсұлтан Құрман - Қазақстан футзал қауымдастығының жаңа президенті

Абылайхан Жүсіпов ұлттық құрамаға кім шақырғанын айтты

Бокс 9 сағат бұрын

Абылайхан Жүсіпов ұлттық құрамаға кім шақырғанын айтты