Сыйлық

Бүгінгі күннің бонустары

Olimpbet қосымшасын пайдалан Өту
Olimpbet Видеореп

5 сағат бұрын

Қазақстан хоккей құрамасының бапкерлер құрамы анықталды

Қазақстан хоккей құрамасының бапкерлер құрамы анықталды

Фото: Қазақстан хоккей федерациясы

Шайбалы хоккейден Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкерлер құрамы белгілі болды, деп хабарлайды Sport12.kz.

Дүбірлі додада бас бапкер міндетін Талғат Жайлауов атқарады. Оған Константин Пушкарёв және Александр Кудрявцев секілді қазқстандық мамандар көмектеседі.

Ұлттық құраманың еліміздегі оқу-жаттығу жиыны 17 сәуірге дейін созылады. Одан кейін қазақстандық хоккейшілер Беларусь астанасы Минск қаласына аттанады. Онда жергілікті командалармен жолдастық кездесу жоспарланған.

Ал 26 сәуірде отандастарымыз Польшаға жетіп, қорытынды оқу-жаттығу жиынын өткізеді. Олар әлем чемпионаты IA дивизионындағы ойындарында сол елдің Сосновец қаласында 2-9 мамыр аралығында сынға түседі. Қарсыластары - Франция, Украина, Жапония, Польша және Литва.

Қазақстан құрамасының ойын кестесі

2 мамыр. Литва - Қазақстан

3 мамыр. Қазақстан - Жапония

5 мамыр. Қазақстан - Польша

7 мамыр. Украина - Қазақстан

8 мамыр. Қазақстан - Франция.

Аталған топта бірінші орын алған құрама 2027 жылы элиталық дивизионда бақ сынауға мүмкіндік алса, соңғы орынды місе тұтқан құрама В тобына түсіп қалады.

Қазақстан құрамасы былтыр әлем біріншілігін сәтсіз өткізді.


Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан