5 сағат бұрын
Талғат Жайлауов Қазақстан хоккей құрамасының мақсатын айтты
Фото: Қазақстан хоккей федерациясы
Шайбалы хоккейден Қазақстан құрамасының бас бапкері Талғат Жайлауов алға қойған мақсаты жөнінде әңгімеледі, деп хабарлайды Sport12.kz.
Алдымызға міндет қойылды. Біз барлық жауапкершілікті түсінеміз. Әрине, мақсатымыз -элитаға шығу, - деді ол.
Ұлттық құраманың еліміздегі оқу-жаттығу жиыны 17 сәуірге дейін созылады. Одан кейін қазақстандық хоккейшілер Беларусь астанасы Минск қаласына аттанады. Онда жергілікті командалармен жолдастық кездесу жоспарланған.
Ал 26 сәуірде отандастарымыз Польшаға жетіп, қорытынды оқу-жаттығу жиынын өткізеді. Олар әлем чемпионаты IA дивизионындағы ойындарында сол елдің Сосновец қаласында 2-9 мамыр аралығында сынға түседі. Қарсыластары - Франция, Украина, Жапония, Польша және Литва.
Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан