5 күн бұрын
«Барыс» жаңа қақпашы қарастыруда
Астананың «Барыс» хоккей клубы қақпашылар құрамын күшейту мүмкіндігін қарастырып жатыр. Клубтың назарына Қазақстан чемпионатында өнер көрсететін Владислав Нурек ілікті.
25 жастағы қақпашы қазіргі уақытта «Горняк» командасында ойнайды. Ол өткен маусымда Pro Hokei Ligasy біріншілігінде руднендік клубпен тұрақты чемпионатта алтыншы орын алған.
Нурек — Өскемен хоккей мектебінің түлегі. Ол мансап барысында «Алтай-Торпедо», «Торпедо» және «Бейбарыс» командаларында ойнаған, соңғы төрт маусымды «Горняк» сапында өткізді.
Айта кетейік, өткен маусымда «Барыс» қақпасын Андрей Шутов, Никита Бояркин және америкалық қақпашы Адам Шил қорғаған болатын. Шил маусым аяқталғаннан кейін клубтан кетті.
Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан