5 сағат бұрын
Шайбалы ӘЧ: Нидерланд әйелдер құрамасы қатарынан үшінші рет жеңді
Фото: iihf.com
Шайбалы хоккейден Қазақстан әйелдер құрамасы қатысып жатқан әлем чемпионаты IB дивизионында 15 сәуірде бір ойынның нәтижесі белгілі болды, деп хабарлайды Sport12.kz.
Бұл кездесуде Нидерланд құрамасы Оңтүстік Кореяны 3:0 есебімен тізе бүктірді. Одан бұрын нидерландтық хоккейшілер Қазақстанды 3:0, Испанияны 6:0 есебімен тізе бүктірді.
Ал Оңтүстік Корея Латвияны 7:6 есебімен жеңсе, Ұлбыританияға 2:3 есебімен есе жіберді.
Сондай-ақ отандастарымыз Латвияға буллитен 2:3, Нидерландқа 0:3 есебімен жеңіліп қалды.
Турнир кестесінде Нидерланд 9 ұпаймен көш бастап тұрса, Оңтүстік Корея 4 ұпаймен үшінші орынға табан тіреді.
Қазақстандық хоккейшілер 1 ұпаймен бесінші орында келеді.
Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан