Сыйлық

Бүгінгі күннің бонустары

Olimpbet қосымшасын пайдалан Өту
Olimpbet Видеореп

5 сағат бұрын

Дінмұхамед Қайыржан алдағы маусымда «Барыста» ойнайды

Дінмұхамед Қайыржан алдағы маусымда «Барыста» ойнайды

Фото: «Барыс» хоккей клубы

«Барыс» клубы қазақстандық шабуылшы Дінмұхамед Қайыржанмен келісімшартты ұзартты, деп хабарлайды Sport12.kz.

Біржақты келісім 2028 жылдың 31 мамырына дейін екі маусымға есептелген.

2025/26 жылғы маусым хоккейші үшін ҚХЛ-дегі ең үздік маусым болды.

Қайыржан 67 ойынға қатысып, 22 (8+14) ұпай жинап, «Барыс» сапындағы қазақстандық ойыншылар арасында ең нәтижелі хоккейші атанды.

Сондай-ақ оның еншісінде 46 соққыға тосқауыл бар. Ол орта есеппен мұз айдынында 15 жарым минут ойнап, 60 күштік әдіс жасаған.

- Біз біліктілік ұсыныстарының мерзімін күтпеу туралы шешім қабылдадық. Дінмұхамед мансабындағы ең үздік маусымын өткізді. Алдағы екі жылдық келісімшарт кезеңінде біз одан одан да үлкен ілгерілеу күтеміз - нәтижелілік жағынан да, қорғаныстағы ойындағы сенімділік тұрғысынан да. Бірқатар матчтарда ол өз энергиясы, жылдамдығы және жоғары жанкештілігінің арқасында команданы алға жетелей алатынын анық көрсетті, - деді «Барыс» клубының бас менеджері Леонид Метальников.


Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан