4 сағат бұрын
«Барыс» Кирилл Панюковқа қатысты шешім қабылдады
Фото: «Барыс» хоккей клубы
«Барыс» клубы қазақстандық шабуылшы Кирилл Панюковпен келісімшартты ұзартты, деп хабарлайды Sport12.kz.
Бұл жөнінде команданың баспасөз қызметі мәлім етті.
Біржақты келісім 2027 жылдың 31 мамырына дейін, бір маусымға есептелген.
2025/26 жылғы ҚХЛ маусымында форвард 48 матч өткізіп, 13 (7+6) ұпай жинады және орта есеппен мұз айдынында 11 минут уақыт өткізіп, 39 күштік әдіс жасады.
Леонид Метальников, «Барыстың» бас менеджері:
- Кирилл - өте адал әрі еңбекқор хоккейші. Ойын уақыты шектеулі болғанына және артық құрамда ойнау тәжірибесінің аздығына қарамастан, ол маусымды лайықты өткізді. Ол әрдайым бапкерлер қойған тапсырмаларды нақты орындауға тырысады. Алайда келесі маусымда біз одан ойын деңгейі мен соққан голдары жағынан айтарлықтай өсім, сондай-ақ киім ауыстыратын бөлмеде көшбасшылық қасиет танытуын күтеміз.
Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан